Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жас жұбайлар той өткен соң ертесіне лотореядан 693 мың доллар ұтып алды
Мичиганда жас жұбайлар тойынан бір күн өткеннен кейін лотареядан джекпот ұтты, деп хабарлайды Kazinform.
16:38 10.11.2023
Мичиган штатының Ливингстон округінде тұратын 57 жастағы ер адам жақында жергілікті дүкеннен Diamond & Pearls лотореясының билетін сатып алған. Сол билет ұтыс алып келді.
"Мен үйленген күннің ертесіне билет сатып алып, қорғаныш қабатын сүрту үшін әйеліме бердім", - деді ұтыс иесі лоторея өкілдеріне.
Ол әйелі екеуі ұтыс көлемі миллион АҚШ доллары екенін түсінгенде өз-өздеріне сенбегенін айтты.
"Біз шынында ұтыс иесі атанғанымызға сене алмай нұсқаулықты қайталап оқи бердік", - деп жалғастырды ол.
Лоторея өкілдерінің сөзінше, жеңімпаз бір реттік төлем арқылы 693 000 АҚШ долларын алады.
Аты аталмаған ұтыс иесі қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр, бірақ әзірге қалай екені белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram