Астана полициясы мейрамханадағы әйелдің өліміне қатысты түсініктеме берді
Астана полициясы әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
09:44 12.11.2023
— Астана қаласының полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу Қазақстан Республикасының «кісі өлтіру» ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Күдікті Астана қ. ПД ИВС-ға қамалды. Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — делінген полицияның Instagram парақшасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!