Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде бір жасар бала сақина жұтып қойды
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «103» арнасына хабарласқан қала тұрғыны баласының сақина жұтып қойғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.
18:54 13.11.2023
Сақина тыныс алу жолын жауып, бүлдіршін тұншыға бастаған.
«Жедел жәрдем қызметкерлері сол жерге жеткенше диспетчер Елдос Әнуарханов телефон арқылы ата-анасына Геймлих маневрін жасауды түсіндіріп, қалай әрекет ету керектігін айтып отырды. Абырой болғанда, 1 жасар бала қайта тыныс ала бастап, аман қалды», - делінген ақпаратта.
Ата-анасы диспетчерге алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram