{metadescription}
«Қазақфильм» АҚ экс-президентіне жемқорлыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр

«Қазақфильм» АҚ экс-президентіне жемқорлыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылы Алматы облысының Іле өзені жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған.

Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.