Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырауда екі көлік соқтығысып, 6 адам ауруханаға жеткізілді
Облыстық полиция департаменті аспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 15 қарашада түнгі сағат 00:30 шамасында болған, деп хабарлайды Kazinform.
17:18 15.11.2023
«Атырау қаласындағы Әбілхайыр хан және К.Мәденов көшелерінің қиылысында Kia Corento мен Renault автокөліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан 6 адам зардап шекті. Оның екеуі – көлік жүргізушілері, ал, төртеуі көлікте отырған жолаушылар. Түрлі дене жарақатын алған 6 адам жедел-жәрдем бригадасының көлігімен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері жол-көлік апатының себебін анықтау үшін тиісті іс-құжаттар жинақтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram