Қызылордада бала ұрған тәрбиешіге іс қозғалды
Қызылордада балабақшада бала ұрған тәрбиешіге іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.
19:14 15.11.2023
Қызылорда қаласы полиция басқармасына ата-анадан арыз түскен. Ол жеке балабақшада ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдануды сұраған.
Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Тәркіленген бейнежазба қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың «денсаулығына жеңіл зиян» келгені белгілі болды», - дейді полициядан.
Ал сот-габитологиялық сараптаманың қорытындысы әлі шыққан жоқ. 41 жастағы тәрбиешіге ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.
ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!