{metadescription}
Оралда дәлелдемелерді бұрмалаған полиция қызметкері сотталды

Оралда дәлелдемелерді бұрмалаған полиция қызметкері сотталды

Орал қаласында дәлелдемелерді бұрмалаған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Kazinform

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен мәлім еткендей, «Бизнеске жол» жобасы аясында Орал қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны анықталды.

Атап айтқанда, полиция қызметкері белгіленбеген жерлерде сауданы анықтау бойынша жұмыс көрсеткіштерін жасанды түрде арттырған. Қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ол бизнестің үш өкіліне қатысты стихиялық сауда үшін әкімшілік істерді рәсімдеген. Алайда кәсіпкерлердің қызмет түрі саудаға ешқандай қатысы жоқ. Сауда жүргізілмегендіктен, полиция қызметкері кәсіпкерлерді сырттай жауапкершілікке тартқан.

«БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 204-бабы 1-бөлігі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың күші жойылды. Орал қалалық сотының үкімімен полиция қызметкері айыпты деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Сондай-ақ ол құқық қорғау және мемлекеттік органдарда 3 жыл мерзімге лауазымдарды атқару құқығынан, оған қоса полиция аға лейтенанты арнайы атағынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.