Балаларына депозит ашатын ата-аналардың қатары артып келеді
Елімізде 300 мыңға жуық балаға банктерде депозиттер ашылған. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: pixabay.com
13:32 16.11.2023
«Осы баспасөз мәслихатында дайындалған кезде 18 жасқа толмаған балаларға ашылған барлық депозитті қарап шығуды әдейі өтінген едім. Өте жақсы статистикалық деректер бар. Бізде мұндай 299 579 депозит бар. Қамқор ата-аналар тіпті 1 жасқа толмаған балаларына да 12 721 депозит ашқан. Ал 5 жасқа дейінгі балаларда 50 140 депозит бар. Қандай өңірлер үнемшіл екенін де қарадым. Шымкенттегі филалымызда 1 жасқа толмаған балаларға – 679, Алматыда – 642, ал елордадағы орталық филиалымызда 531 депозит ашылған екен», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол үнемшіл ата-аналардың ең озық ойлы екендігін айтады.
«Өйткені, бізде видеобанкинг сынды құрал бар. Үйден шықпай-ақ оның көмегімен депозит аша аласыз. Осындай жас салымшы ата-аналар Қазақстанның цифрландырудағы жетістіктерін қолданып, 7 232 депозит ашты. Қазіргі уақытта депозит ашуда видеобанкинг арқылы цифрлық форматқа ден қойып жатыр», - деді Ләззат Ибрагимова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!