Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда полицей отқа оранған үйде ес-түссіз жатқан ауыл тұрғынын құтқарды
Қостанай облысында учаскелік полицей 34 жастағы ауыл тұрғынын өрттен құтқарды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Polisia.kz
19:46 16.11.2023
15 қараша 22:00 шамасында полицияға ауыл тұрғынынан үйден күйіктің иісін сезгені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік полицей Нұрлан Қарамесов келді.
Ол бірден көрші үйге кіруге тырысады, алайда есік ішінен құлыптанған екен, терезеден қою түтін шығып жатты. Ол бірден есікті бұзу жөнінде шешім қабылдайды.
Әрі қарай еденде ес-түссіз жатқан 34 жастағы ер адамды далаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті.
Ер адам ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайы бірқалыпты. Өрт төсекте темекі шегуден тұтанғаны белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram