Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте бомба туралы жалған ақпарат берген ер адам 1 жыл түрмеде отыратын болды
Шымкентте бомба туралы жалған ақпарат таратқан ер адам 1 жыл түрмеде отыратын болды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Kazinform
14:44 17.11.2023
Жалған ақпарат таратқан күдікті 49 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Сотталушы ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, соттың шешімімен 1 жылға бас бостандығынан айрылды.
Тәртіп сақшылары терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қауіпті қылмыс болып табылатынын және 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, не 5 жылға бас бостандығынан айыруға немесе шектеуге әкеп соғатынын ескертеді.
«Полицияның «102» арнасына қаладағы дәмханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Хабарламаны алған полицейлер дереу оқиға орнына барды. Құқық қорғау органдары мүдделі қызметтермен бірге ғимараттан барлық келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады. Тексеру нәтижесінде қоғамдық тамақтану мекемесінен жарылғыш зат табылған жоқ» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram