{metadescription}
Шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 5 жылдық кешенді жоспары әзірленді

Шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 5 жылдық кешенді жоспары әзірленді

2024-2028 жылдарға арналған шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді жоспарының жобасы әзірленді.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінгі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес 2024-2028 жылдарға арналған шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді жоспарының жобасын әзірледі. Жоспар жобасында мемлекеттік шекараны инженерлік-техникалық жарақтандыру және шекаралық инфрақұрылым салу, тиімді басқару жүйесін және мобильді ден қою күштерін қалыптастыру жөніндегі кешенді шаралар көзделген», - деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, аталған кешенді жоспарды іске асыру шекара кеңістігіндегі қазіргі заманғы қатерлер мен сын-қатерлерге төтеп беруге қабілетті ұлттық мүдделерді қорғау жүйесін жаңа деңгейге шығаруға, сондай-ақ шекара ведомствосының әскери қызметшілеріне қызметі мен тұрмысына тиісті жағдайлар жасауға, медициналық қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта жоспардың жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда келісілуде», -деді Роман Скляр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде