{metadescription}
Ақмола облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Ақмола облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Ақмола облысының «Аршалы-Анар» аралығында Қостанай – Какир (Өзбекстан Республикасы) бағытындағы жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Көліктегі ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, теміржол апаты қарашының 16-да болған.

- Қазіргі кезде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (қозғалыс қауіпсіздігі немесе темір жол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу). Зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүріп жатыр, - деді ведомстводан.

Департаментінің баспасөз қызметінен түсіндіргендей, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.