Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
17 адам есірткіден уланып, ауруханаға түсті
Ресейдің Астрахань қаласында 17 адам есірткіден уланып, ауруханаға түсті.
08:52 21.11.2023
Бұл туралы Астрахань облысының Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform.
«17-21 қараша аралығында С.М.Киров атындағы қалалық клиникалық ауруханасына есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардан улану белгілерімен 19 адам түсті. Бүгінгі таңда №3 қалалық клиникалық ауруханасында 17 адам есірткіден улануына байланысты емделіп жатыр. Олардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 11 адамның жағдайы орташа», - делінген хабарламада.
Ем пациенттердің көпшілігіне көмектесті, ал екі адамның жағдайы қанағаттанарлықтай болған соң, ауруханадан шығарылды. Қажетті медициналық көмек пациенттер реанимобильдермен және көліктермен жеткізілен соң бірден көрсетілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram