Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Халықаралық іздеу жарияланған Бейбіт Шүменовке қатысты тергеу тоқтап тұр
Ішкі істер министрлігі Бейбіт Шүменовтің әлі іздеуде екенін мәлімдеді. Сондай-ақ күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы, 7-тармағы, 3-тармақшасы негізінде тоқтап тұр.
Фото: Instagram/beibutshumenov
13:40 21.11.2023
«Аталған факті негізінде биыл шілде айында Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Шілде айының 12 күні аталған адамды күдікті деп танып, оның іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлім, 2-тармақшасы бойынша бағалау жөнінде арнайы қаулы шығарылды», - делінген Kazinform агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта.
Кейін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні қамауға алу шарасын санкциялады.
Шілде айының соңында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
«28 тамызда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы, 7-тармағы, 3-тармақшасы негізінде тоқтатылды», - дейді министрліктен.
Одан бөлек, ІІМ баспасөз қызметінің қызметкері: «Бейбіт Шүменовті іздеу тоқтатылған жоқ, оны ұстағанға дейін іс жүргізу тоқтап тұр», - деп толықтырды.
Еске салайық, биыл шілдеде қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов көпшілік орында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген еді.
Кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram