{metadescription}
Израиль үкіметі мен ХАМАС тұтқындарды босату жөнінде келісімге келді

Израиль үкіметі мен ХАМАС тұтқындарды босату жөнінде келісімге келді

Израиль үкіметі бірнеше сағатқа созылған келіссөзден кейін ХАМАС тобымен келісімді мақұлдады.

Келісімге сәйкес 7 қазанда Израильден ұстап әкетілген тұтқындарды босату, соғыс іс-қимылдарында үзіліс жасау және жауап ретінде израильдік түрмелерден палестиналықтардың бір бөлігін жіберу көзделген.

Келісімнің егжей-тегжейі:

  • ХАМАС содырлары израильдік 50 тұтқынды – тек азаматтық тұлғаларды, әйелдер мен балаларды босатады;
  • Израиль Газа секторында оқ атуды тоқтатады – ол күнде 6 сағатқа созылып, 5 күн бойы жалғасады;
  • Израиль түрмелерден палестиналық 150-300 адамды (цифрлар әлі нақтыланған жоқ) – әйелдер мен кәмелетке толмағандарды босатады;
  • Оқ ату тоқтатылған 6 сағаттық үзіліс кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен отын тиелген жүк көліктері кіргізіледі.

Израильдің Haaretz басылымы осы елдің жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып жазуынша, жоспар бойынша атыс тоқтатылатын 5 күн ішінде ХАМАС «кепілге алынған 30 баланы, 8 ананы және тағы 12 әйелді» босатады.

Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұтқындарды босату бейсенбі күні басталуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп күтіледі – күніне 12 адамнан.

Times of Israel газеті үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап мәлім еткендей, келісім мақұлданғаннан кейін Израиль түрмеден шығарылатын палестиналықтар туралы толық ақпаратты жариялауы тиіс.

Дереккөз: Кazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.