{metadescription}
Мейрамхана астынан 10-нан астам адамның бассүйегі табылды

Мейрамхана астынан 10-нан астам адамның бассүйегі табылды

Ресей астанасы Мәскеу қаласының батысындағы 1-ші Сетунь жолының бойында жүргізілген құрылыс жұмыстары барысында 10-нан астам адамның қаңқасының бөліктері табылды.

«1-ші Сетунь жолының бойында жүргізілген жоласты құрылымдарын бұзумен байланысты құрылыс жұмыстары барысында бұрын мейрамхана болған жерден 10-нан астам адамның денесінің бөліктері табылды», - деді агенттіктің дереккөзі.

Мәскеу прокуратурасының мәліметтері бойынша, 10 адамның бассүйегі мен 10-нан кем емес бассүйек фрагменттері 3,5 метр тереңдіктен табылды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, дене бөліктерінің жатқанына шамамен 20-30 жыл болған», - делінген қадағалау ведомствосының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тергеушілер тексеріп жатыр. Процессуалдық тексерудің жүргізілу барысы мен нәтижелері Никулин ауданаралық прокуратурасының бақылауында.

Дереккөз: Кazinform 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.