Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Грузияда іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Қаржы пирамидасын құрып, халықтың 3,6 млрд теңгесін қалтасына басқан Қазақстан азаматы үш жыл іздестіру жұмыстарынан кейін Грузияда ұсталды.
11:16 22.11.2023
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлайды.
«Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдіктіні – Қазақстан азаматын ұстады.
Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталуда. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астамды құрайды.
Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар», - делінген мәліметте.
Ұсталған күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram