{metadescription}
Сот орындаушылары қайтыс болған адамдардың қарызын өндіріп келген

Сот орындаушылары қайтыс болған адамдардың қарызын өндіріп келген

Қостанай облысында сот орындаушылары қайтыс болған борышкерлер мен өндіріп алушыларға қатысты істерді уақытша тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдамаған. Мұны өңір прокуратурасы анықтаған, деп хабарлайды Кazinform.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға сәйкес, егер құқықтық қатынастар мұрагерлікке мүмкіндік берсе, сот орындаушысы өндіріп алушы қайтыс болған жағдайда бір жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті (42-бап 1-тармақша).

«Бұл жағдайда өндіріп алушының құқықтық мирасқоры анықталғанға дейін атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

Егер өндіріп алушы немесе борышкер болған азамат қайтыс болғаннан кейін шешімде белгіленген талаптар немесе міндеттер қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыса алмаса, онда атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады», - деп нақтыланған баспасөз баянында.

Талдау барысында прокуратура анықтаған бұзушылықтар:

- қайтыс болған борышкерлерден алимент өндіріп алу туралы 33 іс тоқтатылмаған;

- қайтыс болған 13 алимент өндіріп алушыға қатысты өндіріп алушыны ауыстыру туралы мәселе шешілмеген (оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленгеннен кейін);

- қайтыс болған борышкерлерге қатысты жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар бойынша 264 іс тоқтатылған жоқ;

- мемлекет кірісіне 4,6 млн теңге өндіріп алу туралы 94 іс тоқтатылмаған.

«Заңды сақтамау салдарынан қайтыс болған 390-нан астам азамат борышкер болып қала берген.

Осы факті бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Қадағалау актісі қаралу кезінде», - делінген Бас прокуратура ақпаратында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.