Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде дәмхана маңында 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Оқиға қаладағы Лихарев көшесінде болған. Дәмхана алдында ер адамдар ерегесіп қалды, деп хабарлайды Kazinform.
13:08 22.11.2023
Сол кезде өткір затпен жараланған 25 жастағы жігіт сол жерде көз жұмған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство дерегінше, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректерi жария етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram