Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген
Еліміздің бес қаласында Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
17:12 22.11.2023
2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшысын ұстады.
Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағаны үшін күдікке ілінді.
Қазір Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!