Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда 17 жастағы бозбала ер адамды пышақтап тастады
Петропавлда 17 жастағы жасөспірім аулалардың бірінде ер адаммен жанжалдасып, оған пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Kazinform.
18:51 22.11.2023
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қараша күні сағат 20:32-де Петропавл қаласы полиция басқармасының "102" пультіне Сейфуллин көшесіндегі үйдің ауласында жанжал шығып, белгісіз адамдар 51 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салғанын хабарлаған. Ауыр жарақаттанған зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілді.
Аталған факт ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 20 және 17 жастағы облыс орталығының үш тұрғынын анықтап, ұстады.
Алдын ала анықталғандай, ер адамға 17 жастағы жасөспірім пышақ салған.
Ол бұрын әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram