{metadescription}
Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында қызылшаны ауыр өткеріп жатқан балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек орын ашылды. Стационарлық емделуге 2375 бала жатқызылған, жүктеме 60 пайызға жетті. Резервте 1093 орын бар. Емдеуге жатқызу Жамбыл облысында – 92%, Алматы қаласында – 88%, Түркістан облысында – 81%, Шымкент қаласында 79% жоғары екені байқалады», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол қызылшадан адам өлімі тіркелмегенін атап өтті.

«Емдеуге жатқызылғандардың арасында 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ. Жағдайы ауыр балалардың бәрі министрліктің бақылауында», – деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.