{metadescription}
Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде