Биыл қыс ерекше жылы болады – Қазгидромет
Қазақстанда биыл қыс ерекше жылы болады. Мұндай қыс 20 жылдан аса уақыттан бері болмаған. Алайда синоптиктер мәліметінше, бұл мүлде аномалия емес.
14:42 29.11.2023
«Қазақстанда биыл қыс ерекше жылы болады. Мұндай қыс 20 жылдан аса уақыттан бері болмаған. Алайда, бұл мүлде аномалия емес. Консультативтік-маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, 2023-2024 жылдардағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыстың сценарийіне сәйкес келеді. Яғни жауын-шашын нормаға жақын немесе одан да көп болады», – деп атап өтеді Қазгидрометтен.
Мекеме мәліметінше, суық кезеңде республика аумағында Атлантикалық аймақтардан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі қозғалуы күтіледі. Алдағы қыста Қазақстан аумағында температуралық фон 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанған. Тек желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде, ал елдің солтүстігі мен шығысында нормадан бір градусқа төмен болатыны күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Серіктестер жаңалықтары