Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шығыс Қазақстанда екі баланы ит талап тастады
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында ит талаған екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: freepik.com
16:04 29.11.2023
Оқиға Глубокое ауданы Белоусовка кентінде болған. Аулада ойнап жүрген екі балаға ит шабыл жасап, талап тастаған. Қазіргі уақытта олар Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, медициналық көмек көрсетілген балалар дәрігерлер бақылауына алынған.
«Балалардың бірінің жағдайы жақсарып қалды. Ал бет терісінде көптеген тістелген жарақаты бар екінші пациентке шұғыл түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.
Оның сөзінше, әуелде балалардың бірі өзін ит талағанын мойындамай, әйнекке құлап қалғанын айтқан. Алайда жарақаттарынан ит қапқаны айқын көрінген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Серіктестер жаңалықтары