Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президент Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Дубайға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды.
Фото: @aqorda_resmi
13:03 01.12.2023
Мемлекет басшысын БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды. Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пленарлық отырыста сөз сөйлеп, мемлекеттер және бизнес құрылымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!