{metadescription}
Бекман Сойлыбаев Түркияда «Тайсонды» жеңді

Бекман Сойлыбаев Түркияда «Тайсонды» жеңді

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (17-1, 8 КО) өзбекстандық, «Кішкентай Тайсон» лақап аты бар Мирзамухаммад Хикматуллаевпен жекпе-жек өткізді.

10 раундқа есептелген кездесу Түркияның Трабзона қаласында өтті және ақылға сиымсыз көрініспен аяқталды.

Екінші раундта Хикматуллаев иығын жарақаттап алды, онысы раунд соңына қарай асқынып, ақырында боксшы айқасты тоқтататыны туралы рефериге белгі берді. Алайда төреші өзбекстандықтың өтінішін назардан тыс қалдырды, тіпті ол Сойлыбаевтан басына ауыр соққылар алып жатып, екінші рет қолын көтерген кезде де оған мән бермеді. Түсініксіз жағдай одан әрі жалғасып, Өзбекстан спортшысының секунданттары рингке орамал лақтырған кезде, төреші оны өздеріне қайта лақтырып жіберді. Солайша, боксшылардың жекпе-жегі жалғаса берді. Өзбекстандық бапкерлерге өз боксшыларын тек раунд соңында ғана құтқару мүмкін болды.

Бекман Сойлыбаев үшін бұл кәсіпқой бокс мансабындағы 18-інші жеңіс болды. Ал Мирзамухаммад Хикматуллаев алтыншы рет рингте жығылды.

Сойлыбаев WBA Inter-Continental чемпионы, оны өткен жылы жеңіп алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде