Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстауда бір күнде 28 жезөкше ұсталды
Маңғыстауда интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қыз ұсталды.
Фото: Маңғыстау облыстқ Полиция департаменті
11:31 04.12.2023
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
- 1 желтоқсанда «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік және боди-массаж қызметтерін көрсететін 28 қызды ұстады. Олардың барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 және 492-баптары бойынша жауапқа тартылды, - делінген баспасөз мәліметінде.
Сондай-ақ жезөкшелікпен айналысатындарға пәтерді жалға бергені үшін екі адам жауапқа тартылған. Маңғыстау облысының Полиция департаменті жеке кәсіпкерлер мен риэлторлық ұйымдарға жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысуға үй-жайларды беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және ол үшін 300 мың теңгеден астам айыппұл салынатынын ескертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram