{metadescription}
Алматыда 13 жезөкшелер үйі анықталды

Алматыда 13 жезөкшелер үйі анықталды

Алматыда жезөкшелер үйін анықтау мақсатында қалалық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рейд өткізді.

Полицияның мәліметінше, өткен демалыс күндері Алматыда боди-массаж салондары түрінде қызмет көрсеткен 13 жезөкшелер үйі анықталды. Онда 51 жеңіл жүрісті қыз интимдік қызмет көрсеткен, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екендігі анықталды. Олар полиция департаментінің қабылдап-тарату орнына әкелінді.

"Жалпы, интимдік қызмет көрсеткен әйелдерге қатысты ҚР ӘҚбК-нің 449 бабы және ҚР ӘҚбК-нің 492 бабы бойынша 67 хаттама толтырылды. Ал ғимарат иелеріне жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін ҚР ӘҚбК-нің 450 бабы бойынша 13 әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.