Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Атырау маңындағы бірнеше елді мекен тұрғындары сусыз отыр
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 4 желтоқсанда бірнеше елді мекен кешкі сағат 21:00-ге дейін салқын сусыз отырады, деп хабарлайды Kazinform.
18:41 04.12.2023
«Атырау облысы су арнасы» КМК өндірістік базасы аумағындағы Д-630 мм магистральді су құбырында апатты қалпына келтіру жұмысын жүргізеді. Осыған байланысты 4 желтоқсан сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жекелеген мекенжайларда салқын су беру уақытша тоқтатылады», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сусыз қалған елді мекендер арасында Құрсай, Құрсай-2, Ширина, Водников, Водников-1, Водников-2, Водников-3, Көкарна, Көкарна-2, Тасқала, Тасқала-2, Тасқала-3, Жаңаталап-1, Жаңаталап-2, Зарослый, Мирный ауылдары мен бірнеше саяжай қоғамдастығы бар.
Су берілмеген нысандардың тізіміне аталған ауылдардағы 5 мектеп пен бір жасөспірімдер спорт мектебі, әскери бағытта білім беретін «Сармат» мектеп-интернаты, 3 балабақша мен 1 дәрігерлік амбулатория енгізілген.
Сондай-ақ, «Жайық-Атырау» бекіре балығын өсіру зауыты, Кеңөзек ауылдық округ әкімдігінде де салқын су болмайтыны хабарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram