Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада екінші ауысымның оқушылары да қашықтан оқуға ауыстырылды
Астанада күн райының қолайсыздығына байланысты бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқытуға көшірілді.
13:07 05.12.2023
Таңертең елордалық білім басқармасы 5 желтоқсанда күн райының нашарлауына байланысты "0-11 сынып оқушылары мен колледждің бірінші ауысымындағы студенттері қашықтан оқыту форматына көшіп жатқанын" хабарлады.
Кейін ведомство екінші ауысымдағы оқушылардың да қашықтан оқытуға көшіп жатқанын хабарлады.
"2023 жылғы 5 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі", - деді Астана қаласының білім басқармасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram