Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды
Оқушының аяғы ауыр екенін мектеп әкімшілігі байқаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.
16:29 05.12.2023
Облыс аудандарының бірінде мектеп директоры мен сынып жетекшісі сегізінші сыныпта оқитын қыз баланың іші шығып қалғанын байқаған. Олар оның анасымен бірге ауруханаға барып, жағдайды білген.
«Ол бірден өзінің өгей әкесінің әрекеті туралы айтып берген. Мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісіне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды», – деді ауданның білім беру бөлімінде.
Қазіргі кезде облыстық полиция департаменті ҚР ҚҚ-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні ұстады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!