Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Саясат Нұрбек жатақханадағы орын тапшылығына қатысты деректермен бөлісті
Елімізде 17,5 мың жатақхана орны жетіспейді.
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин
14:18 05.12.2023
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Жалпы, 30 қарашадағы дерекке сәйкес, еліміз бойынша 17,5 мың орын жетіспейді. Ең үлкен қажеттілік Алматыда шамамен – 8 мың, Астанада – 6,5 мыңға жуық, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5 мың орын. Түркістан мен Ақмола облысында да тапшылық бар. Қалған 14 өңірде бәрі дұрыс және шешілген. Сондықтан қазіргі уақытта негізгі назарды Астана мен Алматы қалаларына аударып отырмыз. Салынып жатқан, жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 10,3 мың орындық 43 жатақхананың 30-ы сол қалаларда», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Оның атап өтуінше, келесі жылы тағы 12 мыңға жуық жатақхана орны пайдалануға беріледі.
«Біз тапшылықты жоюды жоспарлап отырмыз. Бірақ, барлық уақытта да жетіспеушілік болады. Өйткені, бұл бір сәттік проблема емес және студенттер саны артып келеді. Құрылысты тоқтатпауымыз қажет. Себебі, егер демогрфиялық өсім жалғасса, онда қазір бізде 620 мың студент болса, 2030 жылға қарай олардың саны 1 млнға жетеді», - деді Саясат Нұрбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram