Мемлекет басшысы Финляндия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёні және фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады,деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: akorda.kz
09:02 06.12.2023
"Сіздің еліңіздің гүлденген мемлекет құру, жаһандық бейбітшілікті, климат мәселесін және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісіндегі орасан зор жетістіктеріне сүйсіне қараймыз. Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі. Сондай-ақ біз энергетика, инвестиция, «жасыл» өсім және басқа да көптеген сала бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз", – делінген жеделхатта.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!