{metadescription}
Солтүстік Қазақстанда сабақ онлайн форматқа ауысты

Солтүстік Қазақстанда сабақ онлайн форматқа ауысты

Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты сабақтар қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Өңірде 30 градус аяз болып тұр. 0-11 сынып оқушылары бүгін үйде қалып, сабақты онлайн өткізеді.

Синоптиктердің болжамынша, қатты аяз бірнеше тәулікке созылады. “Қазгидромет” РМҚ бөлімшесінің ақпараты бойынша, бүгін, 7 желтоқсанда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз 27-32 градус аяз болып, ары қарай төмендей береді.

Ертең, 8 желтоқсанда, күн ашық болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 3-8 метрге жетеді. Термометр бағаны түнде 33-38 градусқа, солтүстігінде минус 41 градусқа дейін төмендейді, күндіз минус 28-33 аралығында болады.

Жұма, 9 желтоқсанда облыстың солтүстік өңірлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде ауа температурасы 33-38 градус аяз, солтүстігінде минус 41, күндіз 26-31 градус аяз болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде