Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында қатігез әке туған ұлын ұрып-соққан
Алматы облысында ұлын ұрып-соққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Kazinform
16:37 07.12.2023
Алматы облысының әкімдігі аталмыш оқиғаға қатысты түсінік берді. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болған.
«Әлия Молдағұлова атындағы мектепте үшінші сынып оқушысының бетіндегі жарақаттарды сынып жетекшісі байқаған. Ол дереу құзырлы органдарға хабарласып, жедел жәрдемге және төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдерін шақырған. Себебі, бала әкесінің оны ұрып-соққанын айтқан. Балада бас миының жарақатымен қоса, аяқ-қолы мен бет-аузында көгерген, ісіген жаралар бары анықталды. Қазіргі таңда білім басқармасы ата-аналармен жұмыс жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда баланың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram