{metadescription}
Зейнеп Сұлтанбек Батыс Азия шахмат чемпионатының абсолютті чемпионы атанды

Зейнеп Сұлтанбек Батыс Азия шахмат чемпионатының абсолютті чемпионы атанды

Зейнеп Сұлтанбек шахматтан қыздар арасындағы Батыс Азия чемпионатының (Коломбо, Шри-Ланка) абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazinform

Сүйінші хабарды Қазақстан шахмат федерациясы жеткізді.

Түркістан облысының шахматшысы жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті.

Ал финалда блицте үздік атанды. Нәтижесінде – үш алтын медаль! Ұлдар сайысында Қазақстан намысын астаналық шахматшы Алишер Мажкенов қорғады.

Классикалық турнирде Алишер соңғы раундта жеңіске дәлдеді, бірақ, өкінішке орай, үш жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберіп, жетінші орынға жайғасты, мұны сәтсіздік деуге болмайды.

Қазақстандық шахматшы блицте төртінші орынға ие болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде