Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада аялдаманы қиратып, үйдің қаптамасын бұзған бұзақылар қолға түсті
Астанада полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтады. Елордада вандализмнің кез келген жағдайымен күрес жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Pexels
09:56 08.12.2023
Мәселен, 5 желтоқсан күні Алматы ауданының полициясына Нәжімеденов көшесі, 52 мекенжайында жұмысшы үйдің қаптамасын сындырып жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнында факт расталды. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Ол көп ұзамай ұсталды, оқиға материалдары сотқа жолданды.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтады, ол Кемеңгерұлы, 13 мекенжайында жылы аялдаманың ішкі қаптамасына зақым келтірген. Полиция істі қарайды.
Жылдың басынан бері елорда полициясы вандализмнің 100-ден астам фактісін анықтады.
Қаланы күнделікті екі мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы іске асып жатыр.
Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram