Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ашық суда жүзуден қазақстандық спортшы ел тарихында тұңғыш чемпион атанды
Ашық суда жүзуден өткен «Oceanman» халықаралық жарысында топ жарып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған елордалық Алпамыс Әмір елге оралды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Астана қаласының әкімдігі
12:40 08.12.2023
Тайланд елінің Пхукет қаласында өткен байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен барған 70 елдің спортшысы жүлделі орындарға таласты. Жиырма жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан елордалық Алпамыс Әмір қатысты.
Отандасымыз Іnspiration санаты бойынша 2 шақырымдық қашықтыққа жүзуден қарсылас шақ келтірмеді.
«Халықаралық жарыста мектебіміздің спортшысы чемпион атанды. Алпамыс Әмір «Барыс» спорт кешенінде аптасына 6 рет жаттығады. Әлем чемпионатына сәуір айынан бастап тыңғылықты дайындалды. Еңбек пен төзімділік жемісін берді. Спортшымызбен мақтанамыз. Спорт даму ерекшелігіне қарамастан барлығына ортақ екені қуантады», - деді Интеллектуалды даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева.
Алпамысты әуежайдан қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, спортшының туған-туыстары, жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері қарсы алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram