{metadescription}
БҚО-да жол апатынан жүргізуші мерт болды

БҚО-да жол апатынан жүргізуші мерт болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 32 жастағы жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды Kazinform

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 желтоқсан күні Сырым ауданы аумағында болды.

«Сағат 19.20-да Самара-Шымкент жолының 389-шақырымында 1991 жылғы жүргізуші «Seat» автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Содан қырғызстандық 34 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Вольво» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде