{metadescription}
Теміртаудағы ҚарМАЭС-1 сорғы станциясында апат болды

Теміртаудағы ҚарМАЭС-1 сорғы станциясында апат болды

Теміртау қаласындағы ҚарМАЭС-1 сорғы станциясында апаттық жағдай орын алды. Оқиға салдарынан станцияның қазандықтары резервтік отынға ауыстырылды, деп хабарлайды Кazinform.

Теміртаудағы ҚарМАЭС-1-де орын алған апат температуралық кестенің төмендеуіне әкелді. Әзірге тұрғын үйлердегі жылу жағдайы туралы ақпарат жоқ.

"КарМАЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық ажыратылуы салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта температура графигін қалыпқа келтіру жүріп жатыр. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.