{metadescription}
Нью-Йорктен Ташкентке ұшқан рейс Санкт-Петербург әуежайына қонуға мәжбүр болды

Нью-Йорктен Ташкентке ұшқан рейс Санкт-Петербург әуежайына қонуға мәжбүр болды

Нью-Йорк-Ташкент бағытында ұшқан Uzbekistan Airways ұшағы бортында әлімжеттік көрсеткен жолаушының кесірінен Санкт-Петербург әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. 

Оқиға 11 желтоқсан күні Ташкент уақытымен сағат 07:35-те Нью-Йорк – Ташкент HY102 рейсінде болғаны атап өтілді. Boeing 787 ұшағының капитаны бағыт бойынша балама әуежайға қонуға шешім қабылдады. Борттағы оқиға радиобайланыс арқылы хабарланды. 1991 жылы туған Өзбекстан азаматын полиция қызметкерлері рейстен алып шықты.

Қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін ұшақ белгіленген әуежайға ұшуын жалғастырады. HY102 рейсі Ташкентке Ташкент уақытымен сағат 13:00-де жетеді деп жоспарланған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.