Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда 44 градус қытымыр аяз тағы үш күн сақталады
Қазгидромет синоптиктері 12-14 желтоқсанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Фото: Pixabay
12:36 11.12.2023
Жаңа апта аязды ауа райымен басталды. Алдағы күндері де Қазақстанның басым бөлігінде аяз сақталады. Оған арктикалық антициклон себеп болып отыр. 12-13 желтоқсанда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.
12 желтоқсанда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейіп, таулы жерлерде тұман түседі.
«12-13 желтоқсан түнде ауа температурасы төмендейді: солтүстік-батыста және орталықта — минус 25-38, солтүстікте — 30-38 градус аяз, республиканың қиыр солтүстігі мен солтүстік-батысында — 40-44 градус аяз. Республиканың шығысында — 20-38, 14 желтоқсанда — 32-38, кей жерлерде минус 40-42 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста —25-30, таулы аймақтарда 33-38 градус аязға дейін суытады» дейді Қазгидрометтен.
14 желтоқсаннан бастап арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. Осыған байланысты елдің батыс жартысында суық ауа азая бастайды.
Соның нәтижесінде ауа температурасы көтеріліп, түнде батыста 5-16 аязға дейін, солтүстік-батыста 15-35 аязға дейін, солтүстікте 25-38 градус аязға дейін өзгереді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram