Қостанайда қираған ғимарат: бір адам өлі табылды
Қостанайда ғимарат құлаған жерде жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
16:04 11.12.2023
11 желтоқсанда сағат 12:39-да Қостанай маңындағы Амангелді ауданында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан бір қабатты ғимараттың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған. 12 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінген. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі адам үйінді астынан шығарылды, тағы бір ер адам өлі табылды, оның жеке басы анықталып жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, төтенше жағдай 11 желтоқсанда сағат 12:36 шамасында Энергетиков көшесінде болған. Ғимараттың опырылуы салдарынан үйінді астында 7 адам қалғаны хабарланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!