{metadescription}
Қазақстанда аяз қашан басылады?

Қазақстанда аяз қашан басылады?

Қазгидромет синоптиктері 14-16 желтоқсанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, дегенмен аяздың беті қайта бастайды.

Қазақстанның шығысы арктикалық антициклонның ықпалында болады. Сондықтан мұнда аязды температура әзірге тұра береді.

15-16 желтоқсанда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, боран соғады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл тұрады.

«Ауа температурасы түнде бірте-бірте көтеріледі. Батыста — 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста және орталықта — 10-25 градус аяз, солтүстікте — 17-28 градус, оңтүстікте — 5-18 градус, оңтүстік-шығыста — 10-25 градус аязға дейін жылынады», - дейді мамандар. 

Десе де, Қазақстанның шығысында 30-40 градус аяз сақталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде