{metadescription}
Елдің 6 өңірінде жол жабылды, әсіресе Жамбыл, Түркістан облыстарында жағдай күрделі

Елдің 6 өңірінде жол жабылды, әсіресе Жамбыл, Түркістан облыстарында жағдай күрделі

Көлік министрлігі ел бойынша алты аймақта жол жабық тұрғанын еске салды, деп хабарлайды Kazinform. 

Жедел ақпаратқа сенсек, қазіргі уақытта республиканың 6 облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар ішінара жабылған. 

Жамбыл және Түркістан облыстарында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойынша Алматы облысынан Шымкент қаласына дейінгі учаскеде күрделі жағдай сақталып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шу-Отар аумағында 11 жолаушы және 12 жүк пойызы тоқтап тұрғанынхабарлаған едік.

Кеше түнде Жамбыл облысында өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жамбылдық полицейлер автожолдардағы жағдай дұрысталып, қауіп сейілгенше азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ Жамбыл облысында жолда қалған адамдарға қырғыз құтқарушылары көмекке келді.

Түске қарай Жамбылда пойыз қозғалысы қайта жанданды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде