{metadescription}
Өскемендегі Шмелев Лог кентінде жерасты суы көшеге жайылды

Өскемендегі Шмелев Лог кентінде жерасты суы көшеге жайылды

Өскемен қаласының іргесіндегі Шмелев Лог кентінде жерасты су көшеге жайылған, деп хабарлайды Kazinform

Жерасты су Шмелев Лог кентінде Димитров көшесіне жайылды. Абырой болғанда, су жер үйлер мен аулаларға өтпеген. Бұл туралы «Таза Өскемен» КМК баспасөз хатшысы Рустам Инекеев айтып берді.

«Жерасты су көтерілгеннен бірде-бір үйге зақым келмеді. Суды арыққа ағызу, ыдыс-қап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда», - дейді ол.

Су жер бетіне әлі де көтеріліп жатыр. «Таза Өскемен» КМК жұмысшылары сол жерде тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде