Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанаға Халықаралық бокс федерациясының президенті келді
Астанадағы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтетін «Чемпиондар түні» бокс кешін тамашалауға аталған ұйымның президенті Умар Кремлев арнайы ұшып келді.
Фото: Boxingkazakhstan парақшасынан
16:24 15.12.2023
«Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлев елорда төрінде алғаш рет өткізгелі жатқан «Чемпиондар түні IBA» шарасына арнайы келді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде «Чемпиондар түні» атты бокс кеші өтеді. Онда отандық боксшылардың қатысуымен 8 жекпе-жек ұйымдастырылады. Кештің басты жекпе-жегінде - 71 келі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram