Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Аяздың беті қайтты: Алдағы үш күнде боран соғып, қар жауады
Қазгидромет синоптиктері 16-18 желтоқсанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Фото: Pexels
17:06 15.12.2023
Осы апта бойы Қазақстанның бүкіл аумағында ашық және аязды ауа райы сақталды. Оған себепші болған антициклон біртіндеп солтүстік-шығысқа жылжи бастайды. Осыған байланысты аяз әлсірейді. Солтүстік Атлантика циклонының әсерінен қар жауады, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.
Ел бойынша жел күшейеді.
«Түнде ауа температурасы батыста 0-10 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды, бірақ шығыста 22-35 градус аяз әлі де сақталады», - дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram