Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
17 жастағы бозбала 31 келі есірткіні сатпақ болған
Өзбекстанда Тәжікстан мен Қырғызстаннан есірткі әкеліп, сатумен айналысқан азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: xavfsizlik_uz
20:09 15.12.2023
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлағандай, ведомстваның Ферғана облыстық департаментінің қызметкерлері Ташлақ ауданында тұратын 2006 жылы туған азаматтың пәтерін тексерді. Нәтижеде, аталған мекенжайда болашақта сату үшін сақтаулы тұрған 27 келі 573 грамм «гашиш» және 3 келі 967 грамм «апиын» есірткісі тәркіленіп, процессуалдық тәртіпте рәсімделді. Бұл есірткінің Тәжікстаннан заңсыз әкелінгені анықталды.
Сонымен қатар Әндіжан облысы Қорғантепа ауданының 1986 жылғы тұрғыны Қырғызстанның Ош облысында тұратын 1984 жылғы азаматпен сөз байласып, 1 келі 806 грамм синтетикалық «мефедрон» есірткі препаратын сатып алушыға 80 мың АҚШ долларына сатып жатқан жерінде ұсталды.
Жедел тексеру іс-шарасы жалғасып, Қорғантепа ауданында тұратын тағы бір азаматтың үйінен 2 келі 698 грамм «мефедрон» табылды. Бұл синтетикалық препараттар Қырғызстаннан әкелінгені анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram